Мектепке макияжбен келуге бола ма: министрлік жауап берді
© Фото: Zakon.kz
Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова 2026 жылғы 28 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің мектептерінде қандай әрекеттерге жол берілмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Журналистер оқушы қыздарға сабаққа боянған күйде келуге тыйым салынады деген ақпараттың қаншалықты рас екенін сұрады.
"Сабаққа боянған күйде келуге қатысты Оқу-ағарту министрлігінің бұйрығында нақты тыйым жоқ. Алайда білім беру ұйымдарында бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету үшін мектептердің үлгілік ішкі тәртіп қағидалары мен жарғылары бар екенін атап өткім келеді. Балалардың кішкентай кезінен косметика қолдануы, ең алдымен, денсаулығына зиян екенін түсінеміз. Сондықтан мектептер өздерінің ішкі тәртібінде ата-аналардың балаларын мектепке бояусыз жіберуін қамтамасыз ету талабын белгілей алады", – деп түсіндірді Шынар Ақпарова.
Сонымен қатар ол мектептерде жарақат келтіруі мүмкін бөлшектері бар аксессуарларды тағуға жол берілмейтінін атап өтті. Оның айтуынша, мұндай тыйым министрліктің бұйрығында тікелей көрсетілген.
Бұған дейін Шынар Ақпарова 1 қыркүйектен бастап қазақстандық оқушыларды қандай жаңашылдықтар күтіп тұрғанын айтқан еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:12, 28 тамыз 2026
Сарысуда білім сапасы артып келеді
-
17:40, 28 тамыз 2026
Астанада құрылыс басында кран құлап, бір адам қаза тапты
-
17:33, 28 тамыз 2026
«Көп қан кеткен». Ақмола облысында ер адам пойыз астына түсіп, ауыр жарақат алды
-
17:22, 28 тамыз 2026
Павлодардағы кәсіпорын кассасынан 25 млн теңге ұрланды
-
17:11, 28 тамыз 2026
Еркін күрестен Армениядағы халықаралық турнирде Қазақстан алты медаль еншіледі





