Йеменде жанар-жағармай құю стансасы жарылып, 10 адам қаза тапты, тағы 65 адам түрлі жарақат алды

© Сурет: Х/BenefitNews24
Йемендегі әл-Байда провинциясында жанар-жағармай құю стансасы мен газ қоймасы жарылып, 10 адам қаза тапты, сондай-ақ 65 адам түрлі жарақат алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Yemen Online мәліметтері бойынша, Сахер ауданында болған жарылыс тізбекті реакция тудырды, салдарынан көршілес орналасқан екі жанар-жағармай құю станциясы мен жақын маңдағы коммерциялық қоймалар отқа оранды.
Жарылыс кезінде жанар-жағармай құю станциясында көптеген адам болып, жарылыс кезінде қашуға тырысқан олар аласапыранға бой ұрды.
Жергілікті үкімет өкілінің айтуынша, жанар-жағармай құю станциясындағы жарылыс салдарынан кем дегенде 10 адам қаза тауып, 65-тен астамы жарақат алған.
"Билік жарылыстың себебін зерттеп жатыр, әзірге бұл жағы беймәлім", – деп хабарлады Yemen Online.
Бұрын хабарланғандай, Лос-Анджелестегі өрт кезінде атақты актер Мел Гибсонның 14 млн доллар болатын үйі де түгі қалмай өртеніп кеткен.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
15:28, 16 ақпан 2025
Австрияда жасөспірімді жұрттың көзінше өлтірді
-
14:53, 16 ақпан 2025
Үндістанда теміржол вокзалында адамдар кептеліп қалды: құрбандар бар
-
10:46, 16 ақпан 2025
АҚШ-та трансгендерлердің әскерде қызмет етуіне тыйым салынды
-
17:24, 15 ақпан 2025
ChatGPT-ты жасаушы компания Илон Масктың ұсынысынан бас тартты
-
14:55, 15 ақпан 2025
ХАМАС пен Израиль кепілген алынған тұтқындармен алмасуды жалғастыруда