Маңғыстаулық хирургтар 30 жастағы науқастың көкбауырынан 15 сантиметр киста алды

14:36, 15 маусым 2024

© Сурет: mangystaumedia.kz

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасының хирург-дәрігерлері 30 жастағы науқасқа лапароскопиялық спленэктомия, кистэктомия операциясын жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл ота ауруханада сирек жасалады. Дәрігер Әлия Тағанованың айтуынша, науқас сол жақ қабырғасының ауырсынғанын айтып келген. Жедел түрде КТ, УДЗ жүргізіліп, көкбауырда үлкен киста бар екені анықталады, деп жазды mangystaumedia.kz.

"Науқасқа лапароскопия арқылы теріні кеспей талақты алып тастау (спленэктомия, дренаждау) операциясы жасалды. 2,5 сағатқа созылған ота сәтті өтті. Науқастан 15 сантиметр киста алынды. Операциядан кейінгі кезеңі жеңіл болды. Науқастың өзі еркін тұрып, жүре алды. Екі-үш күннен соң үйге шығарылды. Жалпы мұндай операциялар бұған дейін лапаротомия, яғни теріні кесу арқылы жасалатын. Ал қазір заманауи құрал-жабдықтардың нәтижесінде ота ауырсынусыз жасалуда". Хирург-дәрігер Әлия Тағанова

Операцияны дәрігер Сағат Бітімов және Әлия Тағанова жасады.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!