Субұрқаққа түсу несімен қауіпті – мамандар жауабы

© Сурет: Zakon.kz
Мамандар субұрқақтағы суға түсуге болмайтынын жиі ескертіп жатады. Ол несімен қауіпті. Бұл сауалға алматылық мамандар жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан телеарнасының "Таң шолпан" бағдарламасына берген сұқбатында Алматы қаласы әкімдігінің маманы субұрқақта тоқпен жұмыс істейтін сорғылар барын айтады.
"Әрине, оның жұмыс істеуі үшін электр сымдары жүргізіледі. Сондықтан бұл арада тоқ ұру қаупі бар. Оның үстіне күннің ыстығында бірден мұздай суға түскенде кейбір адамдар талып қалады немесе аяқ-қолы тартылып, суға тұншығып қалып жатады", - дейді ол.
Ал Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің инфекциялық және паразиттік ауруларды эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Эльмира Хуснутдинова субұрқақтағы су жиі ауыстырылмайтынын, ашық тұрғандықтан оған қаңғыбас ит-мысықтар, құстар шомылуы мүмкін екенін айтады.
"Сондықтан онда бактериальды, вирустық, паразиттік инфекциялар, оның ішінде конюктивит, вирустық гепатит, жіті ішек аурулары, гельмитті инвазиялар болуы ықтимал", - дейді ол.
Айта кетсек, 19 маусымда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ территориясында субұрқақ жанынан бозбала өлі күйінде табылған болатын.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:42, 15 наурыз 2025
Алматы облысында түсте басталған алапат өрт толығымен сөндірілді
-
18:04, 15 наурыз 2025
Жексенбіде антлантикалық циклон жүріп, еліміздің бірнеше өңірінде жауын-шашын болады
-
17:33, 15 наурыз 2025
Қазақстанға Ядролық энергетика агенттігі не үшін қажет – сарапшы пікірі
-
17:13, 15 наурыз 2025
Алматы облысында дөңгелек шығаратын зауыттағы өрт ауыздықталды
-
16:21, 15 наурыз 2025
ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева дүниеден озды