Маңғыстауда биіктен құлаған тұрғынның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

22:52, 15 сәуір 2025

© Сурет: Zakon.kz

Маңғыстауда биіктен құлап кеткен тұрғынның өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Марқұмды бәз біреулер өзіне қол жұмсауға мәжбүрлеуі мүмкін дейді тәртіп сақшылары, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, оқиға "Інжу" тұрғын үй кешенінің маңында болған.

Болжам бойынша, 51 жастағы тұрғын өзіне қол жұмсаған. Биіктен құлаған ол көліктің үстіне түсіпті.

Оны оқиға куәгерлері видеоға түсіріп алып әлеуметтік желіге жариялаған.

Марқұмның неге бұлай жасағанын енді тергеу анықтайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!