Биыл Алматыда 260 шақырым су құбыры желісі салынып, қайта жаңғыртылады
© Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
2025 жылдың 5 мамырында қала әкімдігінің мәліметнше, сумен сапалы қамтамасыз ету үшін 2025 жылы 260 км сумен жабдықтау желілері салынып, реконструкцияланады. Бұл Алматы қаласының тұрғындарын сумен қамту деңгейін 99,6%-дан 99,9%-ға дейін арттырады.
Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаевтың Мемлекет басшысына 2025 жылы 1-30 сәуір аралығындағы кезеңдегі есебінде айтылған.
Биыл 30 сәуірге дейін 190 км желі салуға және жаңғыртуға 23 келісімшарт жасалып, 2025 жылы сәуір айында 16,3 км су желісі салынды.
"Ақсай" өзеніндегі су алатын құрылғының құрылысы 85%-ға орындалды. Ал "Ерменсай" нысаны бойынша мердігерді таңдау үшін 2025 жылы 9 сәуірде байқау жарияланды.
"Суды үнемді пайдалану мақсатында 2025 жылдың басынан бері 39 мың жеке су есептегіш құрылғы орнатылды, оның ішінде 8,9 мыңы – сәуірде. Бұл есептегішпен жабдықтау деңгейін 2024 жылғы 67%-дан 2025 жылдың сәуірінде 75%-ға дейін жеткізді. 2025 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 90%-ға жетеді деп жоспарланып отыр." Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Айта кетейік, 2025 жылдың сәуір айында Алматы әкімдігі әзірлеген іс-шаралар жоспарында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындауға арналған Алматы қаласын тұрақты дамытуға бағытталған 41 іс-шара қарастырылған. Мемлекет басшысы үшін тапсырмалардың орындалу барысы туралы есеп белгіленген кестеге сәйкес қалыптастырылады және ұсынылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды
-
10:10, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев елімізде жапон университеттері мен білім орталықтарының бөлімшілерін ашуды ұсынды
-
10:06, 20 желтоқсан 2025
Қазақстан Жапониямен бірлескен Next-Generation SmartMining Plus жобасын іске қосады





