Екібастұзда жоғалып кеткен ер адам екі аптадан бері табылмай жатыр
© Сурет: pixabay
Шахриддин Баймурадов 18 сәуірде үйінен шығып кетіп, содан бері ұшты-күйлі жоқ. Жергілікті VITA еріктілерінің ер адамға іздеу салып жатқанына осымен екінші апта, деп хабарлайды Zakon.kz.
Pavlodarnews.kz мәліметінше, ер адамның басына бұрын ота жасалған екен.
"Ер адамның бас сүйегіне ота жасалған, жарақаттан кейін құрысулар пайда болды. Жоғалған күні де құрысу пайда болып, туыстары жедел жәрдем шақырған. Ақ халаттылар келіп кеткеннен кейін Шахриддин үйінен шығып, белгісіз бағытта кеткен", – дейді еріктілер.
Іздеу шаралары, әзірге нәтиже бермеген.
Жоғалған адам туралы кез келген ақпарат болса, +7 (747) 615 55 63 (іздеу тобының жетекшісі Катерина), +7 (778) 295 97 55 (Екібастұз қаласындағы іздестіру тобының үйлестірушісі Самал) нөмірлеріне хабарласу сұралады.
Бұған дейін Атырау облысында балық аулау кезінде суға батып кеткен жас дзюдошының денесі табылмай жатқанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:41, 19 желтоқсан 2025
Өскеменде өрт кезінде қарт әйел зардап шекті
-
22:13, 19 желтоқсан 2025
ISU конькимен жүгіруден Олимпиада квоталарының алдын ала бөлінісін жариялады
-
21:47, 19 желтоқсан 2025
Полиция ескертуі: бейтаныс адамның сәлемдемесін жеткізіп беруге келіспеңіз
-
21:10, 19 желтоқсан 2025
Қазақстан фристайл-акробатикадан Қытайда өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады
-
20:01, 19 желтоқсан 2025
Жезқазған қаласының бюджеті мен инвестициялық әлеуеті артып келеді





