Маңғыстау полигондағы сарбаздың қазасына қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қазақстанның Бас прокуратурасы бүгін Маңғыстау облысындағы полигонда қатардағы сарбаздың қазасына байланысты мәлімдеме таратты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Хабарламаға сәйкес, 2026 жылғы 17 ақпанда Ақтау гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Оқиға орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор, Ішкі істер министрлігінің Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Қажетті жедел-тергеу іс-шаралары жүргізілуде, сараптамалар тағайындалды.
Іс бойынша процессуалдық прокурор айқындалды.
Істің тергелу барысы Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы тарапынан бақылауға алынды.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге деректері жария етуге жатпайды. ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда тағы бір қатардағы сарбаздың қазасы тіркелді. Қазақстан Қарулы Күштерінің Құрлық әскерлері дерегінше, оқиға 2026 жылғы 17 ақпанда Маңғыстау облысындағы "Бейнеу" полигонында жоспарлы алаңдағы оқ ату жаттығулары кезінде болды.
Батыс өңірлік командалық құрамасының қатардағы әскери қызметшісі қарумен әрекет жасағанда өмірімен үйлеспейтін оқ жарақатын алды. Бұл факті бойынша Батыс өңірлік әскери тергеу органдары қылмыстық іс қозғады және алдын ала тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Қорғаныс министрінің тапсырмасы бойынша оқиға орнына оның орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазыбаев бастаған комиссия жіберілді.
Еске салсақ, 2026 жылғы 23 қаңтарда Өскемен гарнизонының бір әскери бөлімінде күзет қызметін атқару кезінде қатардағы әскери қызметші қайтыс болды. 27 қаңтарда Жамбыл облысында тағы бір қатардағы сарбаздың қазасы туралы Бас прокуратура хабарлады. 28 қаңтарда Қорғаныс министрлігі сарбаздардың қазасына байланысты шұғыл шаралар қабылдағанын мәлімдеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:34, 17 ақпан 2026
Қазақстанда 18 ақпанда тұман мен қатты жел күтіледі
-
17:20, 17 ақпан 2026
Қысқы Олимпиада: Абзал Әжғалиев пен Денис Никишаның ширек финалдағы қарсыластары кім
-
17:10, 17 ақпан 2026
Алматы полиция есірткі қылмыстары үшін іздеудегі тұлғалардың бет-әлпетін жариялады
-
17:08, 17 ақпан 2026
Олимпиада ойындарындағы шаңғы қоссайысы: Шыңғыс Ракпаров үлкен тұғырда сынға түсті
-
16:54, 17 ақпан 2026
Көлік полицейлері жыл басынан бері заңсыз айналымнан 9,5 келі есірткі тәркіледі





