Бейсенбі күні Қазақстанның қай өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды
© Фото: unsplash
2026 жылғы 16 сәуірде Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz
Жетісу облысында түнде батыста, орталығында жаңбыр, найзағай күтіледі, таулы аудандарда жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай, таулы аудандарда бұршақ. Жел солтүстік-батыстан, солтүстікте, шығыста, таулы аудандарда екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Талдықорғанда кей уақытта жаңбыр, найзағай күтіледі. Жоғары өрт қаупі сақталады.
Маңғыстау облысында түнде жаңбыр, солтүстікте, шығыста, орталықта кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, күндіз батыста, оңтүстікте, орталықта жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан, түнде екпіні 15–20 м/с, шығыста, оңтүстікте, орталықта кей уақытта 25 м/с, күндіз батыста, оңтүстікте, орталықта екпіні 15–20 м/с. Ақтауда жаңбыр, найзағай күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, екпіні 15–20 м/с.
Ақмола облысында батыста, оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады), шығыста аздаған жауын-шашын (жаңбыр қарға ұласады). Батыста, оңтүстікте, шығыста көктайғақ. Батыста, солтүстікте, оңтүстікте тұман. Жел солтүстік-шығыстан, батыста, оңтүстікте екпіні 15–20 м/с.
Шығыс Қазақстан облысында түнде батыста, солтүстікте, шығыста жауын-шашын, солтүстікте, шығыста кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ, күндіз солтүстікте, шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Солтүстікте, шығыста тұман. Жел оңтүстік-шығыстан, батыста, оңтүстікте екпіні 15–20 м/с. Өскеменде жаңбыр, қар, көктайғақ.
Абай облысында батыста, солтүстікте, орталықта жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа, таңертең және күндіз оңтүстік-батыста, шығыста, орталықта екпіні 15–20 м/с. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады. Семейде жаңбыр, қар, көктайғақ.
Ақтөбе облысында түнде шығыста кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), найзағай, бұршақ. Жел солтүстік-шығыстан екпіні 15–20 м/с, шығыста, оңтүстікте кей уақытта 23–28 м/с. Ақтөбеде жел екпіні 15–20 м/с.
Павлодар облысында оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Батыста, солтүстікте тұман. Жел солтүстіктен, оңтүстікте екпіні 18 м/с. Павлодарда тұман.
Атырау облысында түнде батыста, оңтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, батыста, шығыста екпіні 15–20 м/с. Атырауда түнде жаңбыр, найзағай.
Алматы облысында түнде оңтүстікте жаңбыр, найзағай, күндіз батыста, шығыста, оңтүстікте, орталықта жаңбыр, найзағай, оңтүстікте кей уақытта қатты жаңбыр. Таулы аудандарда жауын-шашын, найзағай, күндіз кей уақытта қатты жауын-шашын. Орталықта шаңды дауыл. Жел батыстан, солтүстік-батыстан, батыста, шығыста, оңтүстікте, тауда екпіні 15–20 м/с, кейде 25 м/с. Солтүстікте, батыста, орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы қаласында таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан екпіні 15–18 м/с. Іле Алатауы тауларында жаңбыр, сулы қар, найзағай, күндіз бұршақ. Жел екпіні 15–20 м/с, кейде 25 м/с.
Қонаевта таңертең және күндіз жаңбыр, найзағай. Жел батыстан, солтүстік-батыстан екпіні 15–20 м/с, кейде 25 м/с.
Қостанай облысында оңтүстікте жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ. Солтүстікте, шығыста тұман. Жел солтүстік-шығыстан, батыста, оңтүстікте екпіні 15–20 м/с.
Ұлытау облысында түнде батыста, солтүстікте жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, шквал. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстікте, шығыста екпіні 15–20 м/с. Жезқазғанда күндіз жаңбыр, найзағай.
Түркістан облысында таңертең және күндіз таулы және тау бөктерінде қатты жаңбыр. Оңтүстікте, батыста, таулы және тау бөктерінде жаңбыр, найзағай, бұршақ. Жел оңтүстік-батыстан, 15–20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с. Батыста, солтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысында солтүстікте, шығыста, орталықта жаңбыр, найзағай, шквал, шаңды дауыл. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан, түнде батыста, оңтүстікте екпіні 15–20 м/с, кейде 23–28 м/с, күндіз 15–20 м/с, орталықта 23 м/с.
Жамбыл облысында түнде оңтүстікте, шығыста жаңбыр, найзағай, тауда жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр, найзағай, оңтүстікте, тауда қатты жаңбыр, бұршақ. Тауда тұман. Жел оңтүстік-батыстан, тауда және кей жерлерде екпіні 15–20 м/с, күндіз 23–28 м/с.
Батыс Қазақстан облысында түнде оңтүстікте, батыста аздаған жаңбыр, найзағай. Жел солтүстік-шығыстан, солтүстікте, шығыста екпіні 15–20 м/с.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
22:55, 15 сәуір 2026
Атырау қалалық полиция басқармасының басшысы қызметінен босатылып, қамауға алынды
-
22:38, 15 сәуір 2026
Несиесі кешірілетін азаматтар санаты нақтыланды
-
22:16, 15 сәуір 2026
Алматыда құны 2 млрд теңгеден асатын жер учаскесі жеке меншікке заңсыз берілген
-
21:58, 15 сәуір 2026
Ақтауда әйел кішкентай қыздың алтын сырғасын шешіп алып, ізін суытқан
-
21:35, 15 сәуір 2026
Алматыда дәрілік заттарды заңсыз өткізу деректері тоқтатылды





