Вьетнамда пойыз трактормен соқтығысты
© Сурет: pixabay
2026 жылғы 12 сәуірде Даклак провинциясы аумағында пойыз трактормен соқтығысты. Трактор теміржолға қолдан жасалған өткел арқылы шығып кеткен. Соқтығыс салдарынан тракторда болған 10 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кейін белгілі болғандай, тракторды 62 жастағы ер адам басқарған. Ол екі немересімен бірге өткелден өтпек болған.
Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, оқиға куәгерлері жақындап келе жатқан пойыз туралы ескертуге тырысқан, бірақ жүргізуші олардың айқайын естімеген. Пойыздың шұғыл тежелуі де көмектеспеген.
10 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Оның атасы мен 7 жастағы қарындасы ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Бұған дейін Түркияда мектепте атыс болып, төрт адамның қаза болғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:18, 31 мамыр 2026
Қазақстандық әйел бір күнде бірден бес баланың анасы атанды
-
13:01, 31 мамыр 2026
Астанадағы екі жеке тұрғын үйде ірі өрт шықты
-
12:56, 31 мамыр 2026
Ақтауда робот-иттер қызметке кірісті
-
11:46, 31 мамыр 2026
KAZ Minerals шахтасында тағы бір жұмысшы қаза болды
-
11:14, 31 мамыр 2026
Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады





