Маңғыстау соты жеткізілмеген тауар үшін 190,5 млн теңге өндіріп алды

19:13, 15 сәуір 2026

© Фото: Zakon.kz

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында жеткізу шартының орындалмауына байланысты "К" ЖШС-нен ақша сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сотпен анықталғандай, 2024 жылғы 5 сәуірде "П" АҚ мен "К" ЖШС арасында жеткізу шарты жасалған. Шарт талаптарына сәйкес жеткізуші жалпы құны 635 млн. теңгені құрайтын тауарды жеткізуге міндеттенген. Шарт талаптарына сай сатып алушы 30% алдын ала төлем ретінде 190,5 млн. теңге аударған, алайда жеткізуші тауарды шартта көрсетілген мерзімде жеткізбеген.

Сот талқылауы барысында алдын ала төлемнің алынғаны, тауардың нақты жеткізілмегені, қабылдау-тапсыру құжаттарының рәсімделмегені, жеткізушінің міндеттемелерін тиісінше орындамағаны анықталды.

ҚР Азаматтық кодекстің 419-бабының 1-тармағына сәйкес сатып алушы төленген соманы қайтаруды талап етуге құқылы.

Сот шешімімен талап арыз ішінара қанағаттандырылып, "К" ЖШС-нен "П" АҚ-ның пайдасына 190,5 млн. теңге алдын ала төлем, сондай-ақ 2,2 млн. теңге өсімпұл және 5,7 млн. теңге мемлекеттік бажды төлеу бойынша сот шығындары өндірілді.

Бұған дейін Жетісу облысында аса ірі көлемде шығын келтірген алаяқтың әрекеті әшкереленгенін жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!