Маңғыстау облысында жолаушыдан 136 келіден астам бекіре тұқымдас балық тәркіленді
© Сурет: ҚР ІІМ
5 қазанда Қарақия ауданында профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында полиция қызметкерлері басқа да құқық қорғау және уәкілетті органдардың өкілдерімен бірлесіп, Chevrolet Cobalt автокөлік жүргізушісін тоқтатты.
Автокөліктің жүк салғышын тексеру кезінде бекіре тұқымдас балықтарға ұқсас 22 дана балық табылып, тәркіленді.
Аталған балықтар көлікте болған 55 жастағы әйел жолаушыға тиесілі болған. Тәркіленген балықтың жалпы салмағы 136,15 келіні құрады. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 339-бабының 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Қазіргі уақытта тәркіленген балықтың шығу тегін және оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жануарлар түрлерін заңсыз аулау, сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді.
Полиция азаматтарды табиғатты қорғау заңнамасының талаптарын сақтауға және жануарлар дүниесі объектілерін заңсыз сатып алудан, сақтаудан және тасымалдаудан бас тартуға шақырады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:53, 8 қазан 2026
Алматыда электр желісіндегі апаттық жөндеуге байланысты жолдың бір бөлігі уақытша жабылады
-
17:30, 8 қазан 2026
Қазақстанда мұнай өнімдерін міндетті таңбалау 2027 жылы енгізілуі мүмкін
-
17:17, 8 қазан 2026
«Қатаң бақылауға алыңыз»: Бектенов әкімдіктер мен Өнеркәсіп министрлігіне тапсырма берді
-
17:13, 8 қазан 2026
Қазақстанда 9 қазанда тұман, екпіні күшті жел мен қар болжанып отыр
-
16:56, 8 қазан 2026
Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді





