Маңғыстау облысында мұнай компаниясының қызметкерін автобус қағып өлтірді
© Фото: Zakon.kz
Өңір полицейлері оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады. Автобус арнайы тұраққа қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиғаның кадрлары жергілікті пабликтерде тарады.
Ондағы ақпаратқа қарағанда, вахталық автобус дөңгелегінің астында "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қызметкері қаза тапқан. Компания оқиғаның болғанын растады.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы 6 қарашада Ақтау – Қаламқас автожолында болғанын хабарлады.
"DAEWOO" автобусының жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Ол алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Автобус арнайы тұраққа қойылды", – деп хабарлады ведомство.
Полиция қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатқанын нақтылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:38, 6 қараша 2026
Таразда бокстан ел чемпионатында кімдер топ жарды
-
19:47, 6 қараша 2026
Михаил Шайдоров Қытайдағы Гран-при кезеңінің қысқа бағдарламасында бесінші орын алды
-
19:32, 6 қараша 2026
Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді
-
19:22, 6 қараша 2026
Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды
-
19:10, 6 қараша 2026
Тоқаев Мирзиеевті елорда әуежайынан шығарып салды





