Дзюдодан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысатын қазақстандықтар анықталды

19:22, 6 қараша 2026
MKZ: 1576389

© Сурет: IJF

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Ташкентте (Өзбекстан) өтетін жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатына қатысушылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Байрақты бәсекеде ел намысын 18 дзюдошы қорғайды.

Ерлер:

60 келі: Әлішер Тұрсынәлі

66 келі: Ролан Қайырғали, Ерасыл Ержанов

73 келі: Мұхамедәли Закиров

81 келі: Омар Нұрбергенов, Досбол Балғабай

90 келіден жоғары: Әділжан Жаудинов

100 келі: Санжар Еруланұлы, Асқар Біржанов

Әйелдер:

48 келі: Айнара Сейітжанова, Айзат Наукенова

52 келі: Нұрбала Зайнул

57 келі: Зарина Мұрадасыл

63 келі: Айдана Абиханова, Дамеля Асылханова

70 келі: Шынар Бітімбай

78 келі: Гүлсезім Тұрлыбек

78 келіден жоғары: Руслана Махатова

Айта кетейік, әлем чемпионаты 19-21 қараша аралығында өтеді. Сондай-ақ қатысушылар тізіміне өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!