Қазақстанның бірнеше өңірінде тұман түсіп, жел күшейеді

19:32, 6 қараша 2026
MKZ: 1576390

© Фото: unsplash

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 7 қарашада елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың солтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысы мен шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде және шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Іле Алатауының Алматы қаласындағы Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі.

Ақтөбе облысының солтүстік-батысы мен батысында аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен орталығын тұман басады. Шығысы мен оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе қаласында түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде жаңбыр мен қар жауады. Түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде секундына 15-20 метрге жетеді.

Орал қаласында түнде жаңбыр мен қар жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысында оңтүстіктен жел соғады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанай облысының оңтүстік-шығысында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының орталығында таңертең және күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстігін тұман басады. Шығыстан және солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысы мен орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Батысы мен солтүстігінде жоғары, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтау қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының шығысы мен оңтүстігінде түнде жаңбыр мен қар жауады. Солтүстігінде жауын-шашын аз болады. Түнде облыстың солтүстігі, шығысы мен оңтүстігінде көктайғақ болады. Батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз облыстың батысы, солтүстігі мен оңтүстігінде де осы деңгейде болады.

Петропавл қаласында түнде аздаған жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні таулы аудандарда секундына 15-20 метрге жетеді. Облыстың солтүстігі мен батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Түнде облыстың солтүстігі мен орталығында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз батысы, солтүстігі мен орталығында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болып, екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Семей қаласында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, күндіз кей уақытта 23 метрге дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады. Солтүстігі, оңтүстігі мен орталығында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болып, күндіз екпіні 23-28 метрге дейін жетеді.

Өскемен қаласында оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Оңтүстіктен және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде және таңертең облыстың батысы, солтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге жетеді. Батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды қаласында тұман болады.

Ұлытау облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ауысады. Түнде облыстың шығысында желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Батысы мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жезқазған қаласында түнде және таңертең тұман түседі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының шығысы мен орталығында тұман түседі. Түнде батысы мен солтүстігінде ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Облыс бойынша төтенше, солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда қаласында кей уақытта тұман болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні Алакөл көлдері маңында секундына 15-20 метрге жетіп, кей уақытта 23-28 метрге дейін күшейеді. Түнде облыс орталығында ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Облыстың оңтүстігі мен орталығында жоғары, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Талдықорған қаласында түнде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстік-батысы мен таулы аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстігі, оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Тараз қаласында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысы, солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде облыстың оңтүстігі мен шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!