Маңғыстау облысында ірі көлемдегі есірткіні заңсыз сақтау дерегі анықталды
© Фото: Zakon.kz/Оксана Даирова
Маңғыстау облысында 83 келіден астам марихуана сақтады деген күдікпен 27 жастағы азамат ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2026 жылдың 13 тамызы шыққан ресми ақпаратқа сүйенсек, операция "Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа және есірткі қылмысына қарсы күрес басқармаларының қатысуымен, прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді.
2026 жылғы 6 тамызда сағат 22:00 шамасында жедел ақпарат негізінде Мұнайлы ауданына қарасты Атамекен ауылындағы шаруашылық нысандарының біріне тінту жүргізілген.
Нәтижесінде марихуана салынған бес қап табылып, тәркіленді. Есірткінің жалпы салмағы 83 келі 300 грамды құрады.
Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
12:04, 13 тамыз 2026
Алматыда мас күйінде рөлге отырған әйел бес жылға сотталуы мүмкін
-
11:59, 13 тамыз 2026
Қазақстанда шетелдік куратор басқарған есірткі желісі әшкереленді
-
11:48, 13 тамыз 2026
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
-
11:37, 13 тамыз 2026
37 қазақстандық Мекке мен Мәдинаға қажылыққа бару үшін 60 млн теңге төлеп, сан соғып қалды
-
11:21, 13 тамыз 2026
Бір әулеттің 20 мүшесі сирек кездесетін генетикалық аурудан қайтыс болды





