Астанада футболдан жаттығу кезінде қақпа баланың үстіне құлады. Полиция не дейді
© Сурет: pixabay
Астанада футболдан жаттығу кезінде қақпа құлап, 9 жасар бала жарақат алды. Оқыс оқиға 10 тамызда Қазақстан футбол федерациясының футбол алаңында болған. Бұл дерек бойынша полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Астана қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, футболдан жаттығу кезінде бала қос қолымен қақпаның жоғары жақтауынан ұстап, асылып тұрған, сол кезде қақпа оның үстіне құлаған.
"Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Бала жарақат алды, оған қажетті медициналық көмек көрсетілуде", деп мәлімдеді полиция 2026 жылғы 12 тамызда Zakon.kz тілшісіне.
Бұған дейін аталған жағдайға қатысты Қазақстан футбол федерациясы түсінік берген болатын. Оған сәйкес, Қазақстан футбол федерациясы оқыс оқиға болған футбол алаңын жеке футбол мектебіне жаттығу жиындарын өткізу үшін жалға берген.
"Қазіргі уақытта ҚФФ оқиғаның барлық мән-жайын анықтап, нысан мен құрал-жабдықтардың техникалық жағдайына ішкі тексеру жүргізіп жатыр. Сондай-ақ Федерация құзырлы органдарға оқиға себептерін анықтау үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынуға және жан-жақты көмек көрсетуге дайын", – деді федерация 2026 жылғы 11 тамызда.
Сонымен қатар, ҚФФ зардап шеккен балаға және оның отбасына қолдау білдірді.
Бұған дейін Еуропадағы атақты футбол клубтарының бірі - "Челси" сапында өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз Дастан Сәтпаевтың 18-ге толғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:11, 12 тамыз 2026
Әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Қазақстандық спортшы қола медаль иеленді
-
19:58, 12 тамыз 2026
«Алдын кесіп, ортаңғы саусағын көрсеткен». Алматыда дөрекі автобус жүргізушісі видеоға түсіп қалған
-
19:40, 12 тамыз 2026
Елена Рыбакина WTA тарихындағы ең мықты үш теннисші қатарына жатқызылды
-
19:03, 12 тамыз 2026
Астанада велотректен ел чемпионаты өтеді
-
18:49, 12 тамыз 2026
Жастарды қолдау саясаты мемлекетіміз үшін әрдайым негізгі басымдық болып қала береді - Тоқаев





