Алматыда мас күйінде рөлге отырған әйел бес жылға сотталуы мүмкін
© Фото: pxhere
Алматыда түнгі сағат үш шамасында көлік басқару құқығынан айырылған әйел мас күйінде рөлге отырып, полицияға ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға Бостандық ауданында болған. Тәртіп сақшылары Сәтбаев және Манас көшелерінің қиылысында Toyota Camry автокөлігін тоқтатты.
"Көлік тізгінінде Алматы облысының тұрғыны болған. Тексеру барысында әйелдің бұған дейін мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот шешімімен көлік басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Соған қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған. Әйелге қатысты тиісті материалдар жиналып, заңда көзделген шаралар қабылданды. Автокөлік мамандандырылған айып тұрағына қойылды", – деп хабарлады Полиция департаменті 2026 жылғы 13 тамызда.
Полиция көлік басқару құқығынан айырылған адамның қайтадан рөлге отыруы қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Көлік басқару құқығынан айырылған адамның алкогольдік масаң күйде көлік жүргізуі 5 мың АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға немесе сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, 1200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартуға, бес жылға дейін бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.
Алматы полициясы түнгі уақытта жолдарда рейд жүргізіп, құқықбұзушыларды анықтау үшін көлік ағынын әдейі тарылту әдісін қолданады. Бұл тәсіл автокөліктердің жылдамдығын төмендетіп, жүргізушілерді тексеруге мүмкіндік береді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
18:20, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте қай өңірлерде ауа райы байланысты ескерту жасалды
-
18:18, 5 қыркүйек 2026
Тоқаев Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының барысын бақылап отыр
-
18:05, 5 қыркүйек 2026
7-30 қыркүйекте үш облыста әскери техника жүріп өтеді: Қорғаныс министрлігі ескерту жасады
-
17:33, 5 қыркүйек 2026
1,5 млн долларға жылжымайтын мүлік сатып, қашып кеткен: Грузиядан Қазақстан азаматы экстрадицияланды
-
17:01, 5 қыркүйек 2026
6 қыркүйекте елдің кей өңірлерінде жаңбыр мен қар жауады





