«Алдын кесіп, ортаңғы саусағын көрсеткен». Алматыда дөрекі автобус жүргізушісі видеоға түсіп қалған
© Фото: zakon.kz
Алматыда жеңіл автокөліктің алдын кесіп өтіп, ал ескерту жасаған жүргізушісіне әдепсіз қылық көрсеткен қалалық автобустың жүргізушісі жауапқа тартылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған оқиғаның видеожазбасы әлеуметтік желіде кеңінен тараған. Видео Threads-тағы almaty.official парақшасында жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, қоғамдық көлік жүргізушісі жолда өзге көліктің алдын кесіп өтіп, жол жүрісі ережесін өрескел бұзған, ал ескерту жасаған екіншіге ортаңғы саусағын көрсетіп жауап қайырған.
"Жазба авторы қалалық өмірдің аталған жағдайына юмормен және позитивпен қарайтынын жеткізеді, алайда,ол атап өткендей, жүргізуші мәдениеті дегенді әлі ешкім жоя қойған жоқ", делінген хабарламада.
Алматы қалалық полиция департаменті жол ережесін бұзу дерегі 2026 жылғы 10 тамызда әлеуметтік желіге жүргізілген мониторинг барысында анықталғанын хабарлады.
"Тексеру барысында жүргізушінің жеке басы анықталды. 1970 жылы туған ер адамға қатысты әкімгершілік ықпал ету шаралары қабылданды. Сондай-ақ жүргізушімен мұндай бұзушылықтарға жол бермеу бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді", деді полиция 2026 жылғы 12 тамызда Zakon.kz тілшісіне.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:23, 12 тамыз 2026
Павлодар облысында әйел адам сауда үйінің шатырынан секірмек болды
-
20:11, 12 тамыз 2026
Әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы ӘЧ: Қазақстандық спортшы қола медаль иеленді
-
19:40, 12 тамыз 2026
Елена Рыбакина WTA тарихындағы ең мықты үш теннисші қатарына жатқызылды
-
19:15, 12 тамыз 2026
Астанада футболдан жаттығу кезінде қақпа баланың үстіне құлады. Полиция не дейді
-
19:03, 12 тамыз 2026
Астанада велотректен ел чемпионаты өтеді





