Алматыда көлік кептелісі жиі болатын көшелердің бірі 11 сағатқа жабылады

18:03, 12 тамыз 2026
MKZ: 1560983

© Сурет: pixabay

Алматыда Яссауи көшесінің бір бөлігінде орташа жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2026 жылы 12 тамызда қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады:

"12 тамыз, сағат 23:00-ден 13 тамыз, сағат 10:00-ге дейін Жандосов көшесінен Шаляпин көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы жабылады. Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық тақта орнатылады. Жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап алуды сұраймыз".


Сызба, Алматы, жол жөндеу, Яссауи, көше, 13 тамыз, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2026 18:03

Сурет: Алматы қалалық әкімдігі

Бұған дейін Алматыда Центральная көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылатыны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!