Маңғыстау облысында бопсалау дерегі бойынша күдіктілер ұсталды

12:23, 19 қаңтар 2026

© Фото: Zakon.kz

Маңғыстау облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында бопсалау дерегін анықтады.

Аталған дерек бойынша 26 жастағы жәбірленуші арызбен жүгінген. Оның айтуынша, 26 жастағы ер адам жәбірленушінің интимдік сипаттағы фотосуреттерін әлеуметтік желілерде және туыстарына жариялаймын деп қорқытып, бір миллион теңге көлемінде ақша бопсалаған.

Тергеу материалдарына сәйкес, күдікті 17 қаңтарда WhatsApp мессенджері арқылы жәбірленушіден алдымен 200 мың теңге аударуды, ал қалған 800 мың теңгені 20 қаңтарға дейін беруді талап еткен. Ақшаны шот арқылы аудартпақ болған.

Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде 17 қаңтарда Жаңаөзен қаласында екі ер адам ұсталды. Тінту барысында күдіктіден көк түсті iPhone 14 Pro Max, ал екінші күдіктіден қара түсті iPhone 11 телефондары заттай дәлелдеме ретінде тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалып, мәліметтер сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!