Қарағанды есірткі тартумен айналысқан екі әйел ұсталды

14:45, 18 қаңтар 2026

© Сурет: polisia.kz

Қарағандыда полицейлер есірткі таратумен айналысқан екі күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

14 қаңтар күні Қарағанды қаласында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлімінің қызметкерлері жүргізген арнайы операция нәтижесінде есірткі заттарын заңсыз өткізді деген күдікпен 21 және 39 жастағы екі күдікті ұсталды.

Тінту барысында күдіктілердің тұрғылықты мекенжайларынан әртүрлі телефондар, электронды таразылар, қаптама материалдары, сондай-ақ өсімдік және ұнтақ тәрізді есірткі заттары табылып, тәркіленді.

Атап айтқанда, жалпы салмағы шамамен 30ө40 грамды құрайтын жасыл түсті спайс тәрізді зат салынған 30-дан астам орама, сондай-ақ ақ және қоңыр түсті ұнтақ тәрізді заттары бар, жалпы салмағы 10 грамнан асатын орамдар анықталды.

Тергеу барысында күдіктілердің 2025 жылдың тамыз айынан бастап есірткі заттарын таратумен айналысқан интернет-дүкендердің бірінде курьер ретінде заңсыз қызмет атқарғаны белгілі болды. Олардың әрекетін "StroyKz09" лақап атымен тіркелген белгісіз адам ұйымдастырып отырған.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!