Алматыда Land Cruiser көлігінің қатысуымен жаппай жол апаты болды

13:17, 19 қаңтар 2026

© Сурет: Zakon.kz

Алматы қаласында Саин көшесінде, Рысқұлов даңғылынан жоғары, Domillion сауда орталығының қарсы бетінде жаппай жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Land Cruiser 200 маркалы жол талғамайтын көлік Саин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалып келе жатқан.

Сурет: Zakon.kz

Белгісіз себеппен жүргізуші көлікті басқара алмай, жол жиегінде тұрған Jetour автомобилімен соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz

Соққыдан кейін Land Cruiser қайтадан жолдың ортасына қарай ыршып шығып, сол сәтте өтіп бара жатқан Changan көлігіне бүйірінен соғылған.

Сурет: Zakon.kz

Одан соң джип тұрақ аймағына қайта ұшып барып, Kia Cee’d көлігін соққан.

Сурет: Zakon.kz

Соққы салдарынан Kia тұрақ орнынан шығып кетіп, тротуармен жүріп өтіп, Domillion сауда орталығының жерасты тұрағына құлап кете жаздаған.

Сурет: Zakon.kz

Кейін басқарудан шыққан жол талғамайтын көлік Chevrolet Nexia және жанында тұрған Chevrolet Monza автомобильдерімен соқтығысқан.

Сурет: Zakon.kz

Абырой болғанда, жол апаты салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

Сурет: Zakon.kz

Оқиға орнында жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеді. Олар жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтайтын болады.

Сурет: Zakon.kz

Бұған дейін Жамбыл облысында 155 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылғанын жазғанбыз.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!