Қазақстанда қарттар үйлері мен мүгедектігі бар адамдарға арналған орталықтардың жаңа түрлері пайда болады
© Фото: freepik
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталған құжатта, атап айтқанда, келесі бағыттар бойынша стандарттар әзірлеу қарастырылған:
- стационарлық жағдайда қызмет көрсететін арнайы әлеуметтік қызметтер орталықтарының қолданыстағы желісіне балама ретінде әмбебап дизайн қағидаттарына негізделген, инклюзивті өмір сүруге арналған шағын сыйымдылықтағы үйлер желісін дамыту;
- мүгедектігі бар балаларды отбасында қалдыруды көздей отырып, оларға стационарлық жағдайда арнайы әлеуметтік қызмет көрсететін орталықтардың жұмысын оңтайландыру мақсатында күндізгі болу бөлімшелерін дамыту.
Министрліктің атап өтуінше, бұл жобаның қабылдануы әмбебап дизайн қағидаттары негізінде шағын сыйымдылықтағы үйлер желісін дамыту арқылы мүгедектігі бар адамдар мен қарттарға арналған стационарлық қызмет көрсету түрлерін кеңейтуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, инклюзивті тұрмыс жағдайларын қамтамасыз етіп, арнайы әлеуметтік қызмет алушылардың өздігінен өмір сүру қабілетін арттыруға, әлеуметтік бейімделуіне және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады.
Құжат 2 ақпанға дейін "Ашық НҚА" порталында қоғамдық талқылауға шығарылды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:34, 19 қаңтар 2026
19 қаңтардағы Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамдары
-
11:20, 19 қаңтар 2026
Радардан жоғалып кеткен ұшақ Индонезиядағы шың басынан табылды
-
11:13, 19 қаңтар 2026
«Қайрат» – «Брюгге»: бельгиялықтардың құны 30 миллион еуро болатын футболшысы Қазақстанға келмеген
-
11:08, 19 қаңтар 2026
4 үй, автокөлік және 40 млн теңге: Қазақстанның ірі университеттерінің біріндегі жымқыру схемасы әшкереленді
-
10:51, 19 қаңтар 2026
Жамбыл облысында 155 рет жол ережесін бұзған жүргізуші жауапқа тартылды





