Боран мен қатты аяз: синоптиктер 19 қаңтарға арналған ауа райына болжам ұсынды
© Сурет: Zakon.kz
"Қазгидромет" 2026 жылғы 19 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Болжамға сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде қар жауады. Солтүстік-батыс пен солтүстікте жаяу бұрқасынмен бірге боран соғады.
Қазақстанның қалған өңірлерінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы болжанып отыр.
Республика бойынша тұман, көктайғақ және желдің күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысында, Абай облысының шығысында қатты аяз -40°C сақталады. Жетісу облысында ауа температурасы -22…-27°C дейін төмендейді. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында -22°C қатты аяз.
Ал Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде өте қатты аяз -45°C дейін сақталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:45, 18 қаңтар 2026
Қар, аяз, көктайғақ: дүйсенбіде қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
17:02, 18 қаңтар 2026
Қазақстанда ЖИ туралы заң күшіне енді
-
16:52, 18 қаңтар 2026
Республикалық алғашқы медициналық-санитариялық көмек орталығының басшысы өмірден өтті
-
16:00, 18 қаңтар 2026
Шығыс Қазақстан облысында ауа температурасы -56°C-қа дейін төмендеді
-
15:36, 18 қаңтар 2026
Теңіз кен орнында өрт шықты





