Алматыдағы Қастеев өнер музейі жөндеуден кейін қайта ашылмақ

18:10, 18 қаңтар 2026

© Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық өнер музейі ауқымды жаңғырту жұмыстарынан кейін өз жұмысын қайта бастайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Музейге Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева барды.

Аида Балаева жөндеу жұмыстарының нәтижелерімен танысты. Музейдің ішкі бөлмелері мен шатыры жаңартылып, еден жабындары ауыстырылды, сондай-ақ инженерлік жүйелер жаңғыртылып, климаттық бақылау жүйесі орнатылды. Нәтижесінде елдегі басты көркем галерея заманауи халықаралық стандарттарға сай, халықаралық деңгейдегі көрме жобаларын іске асыруға толық дайын.

Жөндеу жұмыстарымен қатар музей мамандары экспозицияларды да жаңартты. Көрерменге бұрыннан таныс қазақстандық және әлемдік өнер жауһарларымен бірге жаңа бөлімдер ұсынылды. Атап айтсақ, график-суретші Евгений Сидоркиннің шығармалар көрмесі, "Қазақ өнеріндегі әйел бейнесі" экспозициясы, Қазақстанның тәуелсіздік кезеңіндегі өнер бөлімі, сондай-ақ ХХ ғасырдың соңы – ХХІ ғасырдың басындағы шетелдік өнердің жаңа туындыларына арналған бөлім бар.

Айта кетсек, өнер ордасының қайта ашылуы музейдің 90 жылдығы мен 1976 жылдан бері орналасқан ғимараттың 50 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!