«Маңғаз Маңғыстауым»: Қазақстан блогерінің жаңа видеосы желі қолданушыларын таңдандырды
© Instagram/azamat_sarsenbayev
Маңғыстаулық белгілі белсенді Азамат Сәрсенбаев Instagram-дағы парақшасына жаңа видео жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл ғаламшар Маңғыстау деп аталады", - деп жазылған видео сипаттамасына.
Видеоны көрген оқырман таңданысын білдірді:
- Космос!
- Қандай әдемі реңктер
- Қасиетті Маңғыстау
- Бұл Қазақстанның қай жерінде?
- Ғажап!
- Жаратқан ием неткен шебер! Маңғаз Маңғыстауым!
- Құдды бір басқа планета сияқты, тылсым!
Бұл Азамат Сәрсенбаевтың Маңғыстауды, табиғатты көрсеткен бірінші видеосы емес. Бұған дейін блогер қысқа мерзімде облыстағы 30 туристік орынға баруды шешкенін хабарлаған еді.
"Біздің Маңғыстауымыз! Шексіз де айбынды Маңғыстауды зерттеуге, дала рухына енуге, өмірді қайта қарауға немесе жай ғана ғарыш пейзаждарды тамашалауға он мыңдаған шетелдіктер ағылып келеді", - деп жазды қоғам белсендісі.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:15, 20 желтоқсан 2025
Тоқаев «Орталық Азия – Жапония» бизнес форумына қатысты
-
11:01, 20 желтоқсан 2025
Алматының жаңартылған Бас жоспарының жобасы Мәжіліс депутаттарына таныстырылды
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония»: келесі саммит Қазақстанда өтеді
-
10:19, 20 желтоқсан 2025
«Орталық Азия – Жапония» саммитінің қорытындысы бойынша Токио декларациясы қабылданды
-
10:11, 20 желтоқсан 2025
Президент: Қазақстан 2027 жылы дзюдодан Әлем чемпионатын өткізу құрметіне ие болды





