Мадина Сәдуақасова көпшілікті сұлулығымен тамсандырды

12:13, 17 желтоқсан 2024

© Сурет: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық әнші Мадина Сәдуақасова оқырмандарын ерекше фотосессиядағы суреттерімен қуантты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Instagram желісіне жүктеген суреттердің жазбасына ол "Сабыр түбі сары алтын…",- деп жазды.

Бір қызығы Сәдуақасованың жаңа бейнесі бірқатар оқырмандарға ұнамаған да тәрізді. Олар пікірге жазылудан бас тартатындарын жаппай жазды. Сондай-ақ, әншінің үстіндегі пиджактың үлкен екенін де ескерткендер табылды.

Бұған қарамастан "Қазақтың Мадинасының" шынайы жанкүйерлері оның әлі де қаз-қалпында екенін айтып, мақтады.

  • Өнерімен сусындаған жыр елі, Мақтан тұтады өзіңізді, Сыр елі. Не кисең де жараса кетер өзіңе, Қазақтың сұлу қызы, мадмуазелі!
  • От емес өрт боп тұрсыз!
  • Сабыр түбі сары алтын, сол алтынның зілі бар. Халық сүйген Мадинаның, сыңғырлаған үні бар...
  • Көңілің әппақ, жүрегің ашық кеңсің, Тартымды сұлу, бірінші әйел, сенсің.

Бұған дейін Әбдікәрімованың қоғамдағы әйел рөлін негіздегені хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!