«Тез қайтыңдар!». АҚШ-тағы ЖОО-лар демалысқа кеткен шетелдік студенттерді кері шақырып жатыр

22:56, 16 желтоқсан 2024

© Сурет: freepik

Кем дегенде оншақты америкалық университет қысқы демалыста үйлеріне қайтып кеткен шетелдік студенттерді жаңа президент Дональд Трамп қызметіне кіріскенге дейін АҚШ-қа оралып үлгеруді ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Axios порталының мәліметінше, ресми хатта сайлау науқаны кезінде Трамптың заңсыз және заңды иммиграциямен күресу туралы берген уәдесіне қатысты мәселе туындауы ықтимал екендігі айтылған.

"Сондықтан оқу орындарының басшылары жаңа президенттің алғашқы әрекеттерінің бірі АҚШ-қа кіруді шектейтін жарлық болуы мүмкін деп алаңдайды, өйткені Трамп өткенде де билікке келгенде - 2017 жылы мұсылмандарға елге кіруге тыйым салған", деп жазады басылым.

2017 жылдың қаңтарында қызметіне кіріскен Трамп алғаш жариялаған жарлығымен Иран, Ирак, Ливия, Сомали, Судан, Сирия және Йемен азаматтары үшін АҚШ-қа кіруге қатаң шектеулер енгізді.

Журналистер Оңтүстік Каролина университетінің арнайы визасын алған студенттердің электрондық поштасына келіп түскен хат мәтінінен үзінділер келтіреді. Онда 2025 жылдың 13 қаңтарына дейін кері оралуға кеңес беріледі.

Хатта жаңа президенттік әкімшілік 2025 жылдың 20 қаңтарында жұмысына кірісетіні және АҚШ-қа сапарлау мен визаларды рәсімдеуге әсер ететін жарлық шығып қалуы мүмкін екені айтылады. Бұрын Америкада шетелдіктердің балаларына азаматтық беру тоқтатылатыны белгілі болды. Бұл туралы жаңадан сайланған президент Дональд Трамп мәлімдеді. Алдыңғы мерзімінде ол АҚШ Конституциясындағы 14-ші түзетуді алып тастамақ болған, қазір де сол ниетте.

 

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!