Қолайсыз ауа райына байланысты еліміздің үш өңірінде жол учаскелері жабылды

20:03, 16 желтоқсан 2024

© Сурет: armradio.am

Ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның бірқатар облыстарында 16 желтоқсанда көлік қозғалысына шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Zakon.kz "ҚазАвтоЖол" ҰК АҚ-ға сілтеме жасай отырып.

Ақмола облысында 2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 17:00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты келесі тас жолдарда жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:

  • "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолының 232-260 шақырымы - Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін;
  • "Жақсы-Есіл-Бұзылық" тас жолының 71-82 шақырымы - Ақсай ауылынан Есіл қаласына дейін;
  • "Жезқазған-Петропавл" тас жолының 536-553 шақырымы - Бұзылық ауылынан Сұрған ауылына дейін.

Қостанай облысында 2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 17:30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты "Қостанай-Әулиекөл-Сұрған" тас жолының 8-108 шақырым аралығында (Тобыл қаласынан Әулиекөл ауылына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды.

Сондай-ақ сағат 19:30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 686-729 шақырым аралығында (Сарыкөл ауылынан СҚО шекарасына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Солтүстік Қазақстан облысында 2024 жылғы 16 желтоқсанда сағат 19:30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар "Екатеринбург-Алматы" тас жолының 729-768 шақырым аралығында (Қостанай облысының шекарасынан Тоқсан би ауылына дейін) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

2024 жылғы 17 желтоқсан сағат 08:00-де жолды ашу жоспарланған.

Қосымша ақпарат алу үшін 1403 нөмірі бойынша тәулік бойғы байланыс орталығына хабарласуға болады. Бұған дейін циклон салдарынан 17 желтоқсанда Қазақстанның екі өңіріне қатты аяз болатыны хабарланған.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!