Қазақстан қылмыстық қаржыны заңдастыруда 111 орында тұр

14:49, 17 желтоқсан 2024

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы ең беделді дереккөз жаңартылған рейтингін жариялады.

Базель басқару институты жасаған кестеде Қазақстанның позициясы едәуір жақсарған.

2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміз 4,65 баллмен 111-ші орында тұрақтады.

Былтыр 4,71 баллмен 100-ші орында болған.

Жылыстатуға қарсы саланың тәуелсіз рейтингінде АҚШ, Жапония, Қытай, Түркия сияқты елдер Қазақстаннан кейін келеді, деп жазады qazaqstan.tv.

Айта кетейік, рейтинг 10 балдық шкала бойынша жасалады, 10 – ең жоғары тәуекел болса, 0 – ең төменгісі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!