Жүргізушілерге арналған нұсқаулық: егер сіз қолайсыз ауа-райында жолда қалып қойсаңыз не істеу керек

14:54, 17 желтоқсан 2024

© Фото: unsplash

ТЖМ төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Бауыржан Ахметалин 17 желтоқсанда ведомствода өткен брифингте қыста тас жолға шыққан кезде көлікте не болу керектігін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Спикер дауылды ескертуді елемейтіндер және автожолдардың жабық учаскелеріне шығып, өздеріне және айналасындағыларға қауіп төндіретіндер баршылық екенін атап өтті.

"Бүгінгі таңда дауылды ескертуді елемейтін және автожолдардың жабық учаскелеріне өтетін автокөлік иелері ӘҚБтК-нің 667-бабы "Полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбау" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Яғни, жол тосқауылына жеткен және жолдың жабылғанын білмеген адамдарға, мысалы, телефон жоқтарға, айыппұл салынбайды, бірақ тікелей өтуге тырысқандарға, мәселен, айналма жолдарды іздейтіндерге, автотрассадан елді мекендер арқылы айналма жолға шығатындарға айыппұл салынады", – деп қосты спикер.

Ол сондай-ақ, егер ауа-райының қолайсыздығы салдарынан жолда қалып қойса не істеу керектігін айтты.

"112 немесе 101 нөмірлері бойынша қай жерде тұрып қалғаныңыз туралы нақты хабарлаңыз. Егер жақын жерде кафелер немесе жылыту пункттері, жанармай құю бекеттері болса, сол жерден құтқарушыларды күте аласыз. Егер ештеңе болмаса, онда көлікте көмек күту керек. Ара-арасында шығып, құртқарушылар көлігіңізді көре алатындай қардан тазалаңыз. Белгілі бір жиілікте автокөлікті жылыту және отынды үнемдеу қажет. Сондай-ақ, көлікте күрек, жылы заттар, азық–түліктің минималды қоры болған жөн",- деп кеңес береді құтқарушы.

Бұған дейін Қостанай облысында жол апатынан екі мұғалім қаза тапқаны хабарланған болатын.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!