Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті
© Фото: Zakon.kz/Павел Михеев
Қызылорда қаласындағы Шоқай көшесінде орналасқан мұнай өңдеу зауытында өрт шықты. Онда әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын екі резервуар, яғни жалпы 120 тонна мұнай өнімі жанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы 2026 жылғы 7 қыркүйекте Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар департаменті хабарлады. Ведомство мәліметінше, резервуарлар ашық жалынға оранған. Тіпті өрттің басқа нысандарға таралу қаупі болған.
"Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың күштік құрылымдары жұмылдырылды. Оқиға орнында өрт сөндіру жөніндегі жедел штаб құрылды. Көршілес резервуарларды қорғау үшін тасымалды лафеттік оқпандар беріліп, көбікпен сөндіру жұмыстары жүргізілді", – деп мәлімдеді ведомство.
Өртті сөндіру жұмыстарына қосымша өрт сөндіру пойызы да тартылды. Өрт 200 шаршы метр аумақты қамтыған. Мамандар тілсіз жауды толығымен сөндірді. Қазіргі уақытта оның шығу себебі анықталып жатыр.
2026 жылғы 9 тамызда Маңғыстаудағы мұнай кен орнында өрт шыққан еді. Ол туралы мына сілтемеден оқи аласыздар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:01, 8 қыркүйек 2026
Қазақстанда қызметкерлерге қойылатын басты талаптар аталды
-
10:56, 8 қыркүйек 2026
Қазақстанда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады
-
10:50, 8 қыркүйек 2026
Қазақстанда мектептер мен колледж түлектерінің саны артты
-
10:43, 8 қыркүйек 2026
Қауіпті қазақстандық қылмыскер бостандыққа шығып, қайта қылмыс жасады: оған қандай жаза тағайындалды
-
10:34, 8 қыркүйек 2026
Жаңаөзенде көлік ішінде газ баллон жарылды





