Мексикада пиротехника жарылып, тоғыз адам қаза тапты
© Сурет: pexels
2026 жылғы 5 қыркүйекте Мексиканың Мехико штатындағы Темаскальсинго муниципалитетіне қарасты Санта-Мария-Канчесда елді мекенінде пиротехниканы сақтау және пайдалану кезінде жарылыс болды. Оқиға әулие қамқоршыға арналған мереке қарсаңында болған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Milenio порталының алдын ала мәліметінше, жарылыстан тоғыз адам қаза тауып, тағы 14 адам жарақат алған.
Сондай-ақ жарылыс салдарынан жергілікті шіркеудің бір бөлігі құлап, үйінді астында адамдар қалуы мүмкін. Оқиға орнында құтқарушылар мен көршілес муниципалитеттерден келген жедел қызмет мамандары жұмыс істеп жатыр.
Зардап шеккендер Атлакомулько жалпы ауруханасына жеткізілді. Мехико штатының билігі жарылысқа пиротехникалық бұйымдарды пайдалану себеп болғанын мәлімдеді.
Құтқарушылар үйінділерді тазарту жұмыстарын жалғастырып, жақын маңдағы ғимараттарды тексеріп жатыр. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің нақты саны құтқару жұмыстары аяқталғаннан кейін анықталады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
14:33, 23 қазан 2026
Шанхайда ерекше сәулетті опера театры ашылды
-
13:00, 23 қазан 2026
Чернобыльде сілеусін фототұзаққа түсіп қалды
-
12:19, 23 қазан 2026
Непалдағы 7140 метрлік шыңда екі альпинист жоғалып кетті
-
11:36, 23 қазан 2026
Сауд Арабиясы «Мукааб» алып текше ғимараты жобасына өзгеріс енгізді
-
10:45, 23 қазан 2026
Тибеттегі жер сілкінісі: 16 адам қаза тауып, жүздеген үй қирады





