Қазақстанда мектептер мен колледж түлектерінің саны артты
© Фото: Zakon.kz
Қазақстанда мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі жыл сайын артып келеді. Бұл туралы 2026 жылғы 8 қыркүйекте Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Министрдің мәліметінше, 2023-2024 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы 344,9 мың орынды құрады.
"2024-2025 оқу жылында оның көлемі 29,4 мың орынға ұлғайып, 374,3 мың орынға жетті. Ал 2025-2026 оқу жылында мемлекеттік білім беру тапсырысы тағы 19 мың орынға артып, 393,3 мың орынды құрады", – деді Жұлдыз Сүлейменова.
Осылайша, үш жылда мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі 48,4 мың орынға немесе 14%-ға өскен.
Министр түлектер санының да жыл сайын артып келе жатқанын атап өтті.
"2023-2024 оқу жылында түлектер саны 141,3 мың адам болса, 2025-2026 оқу жылында бұл көрсеткіш 169,2 мың адамға жетті. Өсім 19,8%-ды құрады", – деді ол.
Ең жоғары өсім мына бағыттарда тіркелді:
- жұмысшы біліктілігі бойынша – 47,5 мыңнан 60,1 мың адамға дейін;
- орта буын мамандықтары бойынша – 88,2 мыңнан 103,2 мың адамға дейін;
- қолданбалы бакалавриат бағдарламалары бойынша – 5,6 мыңнан 5,9 мың адамға дейін.
Бұған дейін Қазақстанда мектеп директорлары мен мұғалімдерді тағайындау тәртібі өзгергенін жазған едік.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:28, 25 қазан 2026
Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда
-
16:11, 25 қазан 2026
Рыбакина екінші жыл қатарынан Нинбодағы WTA 500 турнирінің жеңімпазы атанды
-
15:57, 25 қазан 2026
«Бірнеше өңірде күн күрт суытады». Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
-
15:51, 25 қазан 2026
Қарағанды облысында Қазақстан деген есімге ие әйел адам тұрады
-
14:47, 25 қазан 2026
Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды





