Қазақстанда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады
© Фото: pixabay
Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова 2026 жылғы 8 қыркүйекте Үкімет отырысында Қазақстанның Жаһандық таланттардың бәсекеге қабілеттілігі индексіндегі көрсеткіші жақсарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Атап айтқанда, кәсіби және техникалық дағдылар деңгейі бойынша Қазақстан 39 сатыға көтеріліп, 122-орыннан 83-орынға жайғасқан.
"Жаһандық технологиялық өзгерістер мамандықтар құрылымына да әсер етеді. Нәтижесінде 200-ден астам жаңа мамандық пайда болып, 100-ге жуық мамандық өзгереді. Ал 125 мамандыққа сұраныс төмендейді", – деді министр.
Оның айтуынша, бұл үрдістер техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін еңбек нарығындағы өзгерістер мен технологиялық жаңғыруларға алдын ала бейімдеуді талап етеді.
Қазақстанда қызметкерлерге қандай дағдыларға сұраныс жоғары екені туралы материалдан оқыңыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:03, 25 қазан 2026
Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
-
19:57, 25 қазан 2026
Мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-при кезеңін оныншы орында аяқтады
-
19:00, 25 қазан 2026
Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды
-
18:22, 25 қазан 2026
Қазақстандық балуан Исхар Курбаев әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
-
17:53, 25 қазан 2026
Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады





