Жаңаөзенде көлік ішінде газ баллон жарылды
© Фото: pexels
Жаңаөзенде кенеттен көлік өртеніп, кейін оның ішінде орнатылған газ баллоны жарылған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, оқиға 2026 жылдың 7 қыркүйегінен 8 қыркүйегіне қараған түні "Мерей" шағынауданында болған. Құтқарушылар көліктегі өртті сөндірді. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі газ жабдығы орнатылған көлікті пайдалану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салды:
- Газ баллоны мен бүкіл газ жүйесінің жарамдылығын үнемі тексеріп отырыңыз.
- Техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын тек арнайы сервистерде жүргізіңіз.
- Газдың иісі шықса, көлікті дереу тоқтатып, қозғалтқышты өшіріңіз.
- Ашық от пайдаланбаңыз және электр құрылғыларын қоспаңыз.
Өрт немесе газдың шығуын байқасаңыз, бірден 112 нөміріне хабарласыңыз. Егер бұл сіздің қауіпсіздігіңізге қатер төндірсе, өртті өз бетіңізше сөндіруге тырыспаңыз.
2026 жылғы 4 қыркүйекте мыңдаған қазақстандық жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін екені хабарланған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, жүргізушілердің көлікті қауіпсіз басқаруына кедергі келтіретін медициналық қарсы көрсетілімдерді анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы мына сілтемеден оқи аласыздар.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
11:12, 8 қыркүйек 2026
Оқу-ағарту министрлігі жоғары сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-ны алып тастауды жоспарлап отыр: болжамды мерзімі аталды
-
11:01, 8 қыркүйек 2026
Қазақстанда қызметкерлерге қойылатын басты талаптар аталды
-
10:56, 8 қыркүйек 2026
Қазақстанда 200-ден астам жаңа мамандық пайда болады
-
10:50, 8 қыркүйек 2026
Қазақстанда мектептер мен колледж түлектерінің саны артты
-
10:43, 8 қыркүйек 2026
Қауіпті қазақстандық қылмыскер бостандыққа шығып, қайта қылмыс жасады: оған қандай жаза тағайындалды





