Египетте танымал тележүргізуші өлім жазасына кесілді
© Сурет: Instagram/sara_khaliifa
Египеттің Жаңа Каир қылмыстық соты тележүргізуші Сара Халифаны және тағы 11 адамды синтетикалық есірткі өндіру және сату ісі бойынша өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Oxu.Az Egypt Telegraph басылымына сілтеме жасап жазды.
Іс бойынша тағы тоғыз адам өмір бойына бас бостандығынан айырылып, әрқайсысына 100 мың мысыр фунты (894 351 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Сот алты айыпталушыны ақтады.
Тергеу мәліметінше, айыпталушылар синтетикалық есірткі өндіруге қажетті шикізатты жеткізумен, есірткі жасаумен, сақтаумен, тасымалдаумен және сатумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың құрамында болған.
Тергеу барысында құқық қорғау органдары 750 келіден астам есірткі заттары мен оларды өндіруге арналған шикізатты тәркіледі. Сонымен қатар топтың қылмыстық әрекеті барысында пайдаланылған көліктер, ұялы телефондар мен ақша тәркіленді.
Есірткіге қатысты тергеу Халифаның 2025 жылғы сәуірде ұсталуынан кейін басталған. Прокуратура мәліметінше, тележүргізуші ұйымдасқан қылмыстық топта жетекші рөл атқарған.
Айта кетейік, Египетте өлім жазасы дарға асу арқылы жүзеге асырылады.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
16:08, 7 қыркүйек 2026
Мексикада пиротехника жарылып, тоғыз адам қаза тапты
-
13:10, 7 қыркүйек 2026
Үндістанда пойыз кенеттен рельстен шығып кетті
-
12:04, 7 қыркүйек 2026
Таиландта 2000 жыл бұрынғы жұмбақ жазуы бар алтын сақина табылды
-
11:53, 7 қыркүйек 2026
Boeing ұшағы ұшу-қону жолағынан шығып кетті: бес адам қаза тапты
-
11:42, 7 қыркүйек 2026
Кабардин-Балқария тауында қар көшкіні жүріп, 10 альпинисті басып қалды





