Қызылордада мас күйде көлік басқарған жүргізуші анықталды

14:17, 11 ақпан 2026

© Фото: pexels

Қызылорда қаласы полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережесін бұзған Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісін тоқтатты.

Тексеру барысында 33 жастағы жүргізушінің алкогольдік ішімдік ішкені белгілі болды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, ол орта дәрежелі масаң күйде болған.

Аталған дерек бойынша жүргізуші заң аясында жауапқа тартылды.

Автокөлік айып тұрағына қойылды. Полиция жүргізушілерді жолда барынша мұқият болуға және жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады.

Рөлге отырған әрбір адам өз өмірі мен денсаулығына ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапты екенін ұмытпауы тиіс.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!