Биыл неке қиюды жоспарлап отырған қазақстандықтарға жылдың «ең әдемі күні» аталды
© Сурет: Instagram/gov4c.kz
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ баспасөз қызметі неке қию сияқты маңызды сәттер үшін ең әдемі күндерінің бірі - 26.02.2026 сынды датаны қалай таңдауға болатындығын айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аталмыш ақпарат 2026 жылғы 10 ақпанда ведомствоның Instagram парақшасында жарияланды.
"Неке қию сияқты маңызды сәттер үшін көптеген жұптар әдемі әрі есте қалатын күндерді таңдауды жөн көреді. Биылғы жылдың ең әдемі жақын күндерінің бірі – 26.02.2026", – делінген ақпаратта.
Мемлекеттік корпорация Қазақстанда неке қиюға өтініш таңдалған күннен 15 күнтізбелік күн бұрын берілетіндігін атап өтті.
"Осылайша, 2026 жылдың 26 ақпанында некеге тұрғысы келетіндер өтінішті осы сәрсенбіде, яғни 11 ақпанда тапсыруы қажет",- деп нақтылады ведомство.
Бұған дейін Алматы неке қию көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұрғанын жазғанбыз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:30, 10 ақпан 2026
Қазақстан құрамасы шорт-тректен 2026 жылғы Олимпиаданың жартылай финалына өте алмады
-
17:25, 10 ақпан 2026
Ақтөбедегі Орталық саябақта мемлекеттік ту неге түсірілді
-
17:20, 10 ақпан 2026
Конституция жобасында Құрылтайды таратуға болмайтын жағдайлар көрсетілді
-
17:10, 10 ақпан 2026
Биылдан бастап салықтар мен төлемдер бүтін теңгемен есептеледі
-
17:02, 10 ақпан 2026
Қазақстандық могулшы Павел Колмаков Олимпиада финалына жолдама алды





