Дуров Telegram-ның Ресейдегі жағдайы туралы пікір білдірді
© Сурет: Telegram/durov
Кәсіпкер, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Ресейде Telegram қосымшасының қолданылуына қатысты жағдайға байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ол жазбасын 10 ақпанда өзінің Telegram-арнасында жариялады.
"Ресей билігі азаматтарын мемлекеттік бақылаудағы, қадағалау мен саяси цензураға арналған қосымшаға көшіру мақсатында Telegram-ға қолжетімділікті шектеп отыр. Осыдан 8 жыл бұрын Иран дәл осындай стратегияны қолдануға тырысты, бірақ сәтсіздікке ұшырады. Ол Telegram-ды түрлі сылтаулармен бұғаттап, адамдарды мемлекеттік балама қосымшаға көшуге мәжбүрлемек болды. Тыйым салынғанына қарамастан, ирандықтардың басым бөлігі әлі күнге дейін Telegram-ды пайдаланып келеді (цензураны айналып өтіп) және бақылауға ұшырайтын қосымшалардан гөрі оны артық көреді", – деп жазды Дуров.
Сондай-ақ ол адамдардың еркіндігін шектеу ешқашан дұрыс шешім болмайтынын атап өтті. Дуровтың айтуынша, Telegram қандай да бір қысымға қарамастан сөз бостандығы мен құпиялылықты қолдайды.
2026 жылғы 10 ақпанда Ресей Федерациясының Байланыс, ақпараттық технологиялар және бұқаралық коммуникациялар саласындағы қадағалау жөніндегі федералдық қызметі (Роскомнадзор) Telegram мессенджерінің жұмысын баяулату бойынша шаралар қабылдайтыны белгілі болды.
Бұған дейін, 2025 жылғы 13 тамызда Роскомнадзор Telegram және WhatsApp мессенджерлеріндегі дауыстық қоңырауларға ішінара шектеулер енгізілгенін хабарлаған еді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:01, 11 ақпан 2026
Конституциялық комиссия Мемлекет басшысына жаңа Конституцияның қорытынды жобасын ұсынды
-
16:58, 11 ақпан 2026
Опа-далаптың күші ме, әлде табиғат заңы ма: қазақстандық жұптар бір-біріне қаншалықты ұқсайтынын көрсетуде
-
16:51, 11 ақпан 2026
Қызыл кітапқа енген құстарды контрабандалау арнасының жолы кесілді
-
16:47, 11 ақпан 2026
Қазақстандағы қайталама тұрғын үй: 2026 жылдың қысында шаршы метр құны қандай
-
16:40, 11 ақпан 2026
Жаңа Конституция жобасын жалпыұлттық референдумға шығару ұсынылды





