Қызылорда облысында полицейлер өрттен екі баланы аман алып қалды
© Сурет: polisia.kz
Бүгін, 2026 жылғы 14 сәуірде сағат шамамен 10:30-да Қызылордадағы тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Жалын төртінші қабаттағы пәтердің балконынан тараған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға орнына жақын жерде болған полиция қызметкерлері Қайсар Мамадалиев, Руслан Бауржанұлы, Нұржан Нағашыбай дереу жағдайды бағалап, еш ойланбастан өрт ошағына қарай бет алды. Төтенше қызметтердің келуін күтпей-ақ олар түтінге толы пәтерге кіріп, өртті сөндіруге кірісті.
Пәтер ішінде ұйықтап жатқан екі бала болған. Полицейлер оларды оятып, қауіпті аймақтан алып шығып, тілсіз жаудан аман алып қалды.
"Полицияның батыл әрі жанқиярлық әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынып, балалар құтқарылды", – делінген хабарламада.
Кейін оқиға орнына қосымша күштер мен төтенше қызметтер келіп, жағдай толық бақылауға алынды.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:46, 30 мамыр 2026
Жапонияда Азия қазақтарының ІІІ құрылтайы өтті
-
17:19, 30 мамыр 2026
«Аптап ыстық, бұршақ, тұман». Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 30 мамыр 2026
ДСМ педиатриялық көмектің гибридті моделін енгізуді қарастыруда
-
16:39, 30 мамыр 2026
Қазақстанда сирек кездесетін жылқылар далаға жіберілді
-
15:55, 30 мамыр 2026
Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды





