Қазақстанда сирек кездесетін жылқылар далаға жіберілді
© Сурет: ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында керқұландардың (кертағының) бір тобы табиғатқа жіберілді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Айғыр Галван Қазақстанға Прага қаласынан, ал төрт бие Венгриядағы Хортобадь ұлттық паркінен жеткізілген болатын. Бір жыл бойы жануарлар мамандар мен ветеринарлардың тұрақты бақылауымен реинтродукция орталығының кең қашаларында бейімделу кезеңінен өтті.
Осы уақыт ішінде керқұландар жаңа табиғи-климаттық жағдайларға сәтті бейімделіп, қысты аман өткізіп, даладағы дербес тіршілікке дайындалды.
Табиғатқа жіберер алдында Галван айғырына GPS-қарғыбауы тағылды. Ол үйірдің қозғалысын бақылауға және жануарлардың табиғи ортадағы мінез-құлқы туралы маңызды ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Табиғатқа жіберілгеннен кейін Галван бастаған төрт биеден тұратын үйір "Алтын Дала" мемлекеттік табиғи резерватының аумағын игере бастады. Мамандардың бақылауы бойынша жануарлардың жағдайы жақсы, олар жаңа жайылымдар мен суаттарды белсенді түрде зерттеуде.
Керқұландар табиғатқа жіберілгеннен кейін де резерваттың мемлекеттік инспекторларының тұрақты бақылауы мен қорғауында болады. Мамандар олардың қозғалысын және жабайы табиғатқа бейімделуін одан әрі қадағалайды.
Керқұландарды табиғатқа жіберу осы сирек түрді тарихи мекендеу ортасына қайтару бағдарламасын іске асырудағы маңызды кезең және Қазақстандағы табиғи популяциясын қалпына келтіру жолындағы кезекті қадам болды.
Қазақстандағы сирек кездесетін және жойылып кету қаупі төнген жабайы жануарлар түрлерін сақтау мен қалпына келтіру жобасын іске асыруға қатысып жатқан барлық серіктестерімізге алғысымызды білдіреміз.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
17:19, 30 мамыр 2026
«Аптап ыстық, бұршақ, тұман». Жексенбіде еліміздің 15 өңірінде дауылды ескерту жарияланды
-
16:53, 30 мамыр 2026
ДСМ педиатриялық көмектің гибридті моделін енгізуді қарастыруда
-
15:55, 30 мамыр 2026
Ақмола облысында тоғыз шетелдік турист тауда жоғалып кетіп, құтқарушылар аяғынан тік тұрды
-
15:50, 30 мамыр 2026
Алматы облысында мейрам және демалыс күндерінде 800-ден астам құқықбұзушылық анықталды
-
14:56, 30 мамыр 2026
Астанада Мұхамеджан Тынышбаев атындағы көше ішінара уақытша жабылады





