Жібек Құламбаева Сербиядағы турнирдің финалында ойнайды

23:35, 29 мамыр 2026

© Сурет: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева швециялық Лиза Заармен бірге Сербияда өтіп жатқан ITF W75 сериясы турнирінің жұптық сынында финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыстың 2-ші нөмірлі жұбы саналған Құламбаева мен Заар жартылай финалда турнирдің үшінші тандемі – қытайлық Юмин Дан мен Ю Сяоди дуэтінен басым түсті. 1 сағат 49 минутқа созылған кездесуде қыздарымыз нағыз мінез көрсетті.

Старттық партияда қазақстандық-швециялық жұп 0:3 есебімен ұтылып жатып, корттағы жағдайды өзгерте алды және сетті 7:5 есебімен өз еншілеріне жазды. Екінші сетте Құламбаева мен Заар кортта толықтай үстемдік құрып, қарсыластарын 6:3 есебімен айқын ұтты.

Бас жүлде сарапқа салынатын шешуші матчта Жібек Құламбаева мен Лиза Заар чехиялық Михаэла Байерлова және сербиялық Елена Милованович жұбына қарсы ойнайды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!