30 мамырда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

21:01, 29 мамыр 2026

© Фото: unsplash

"Қазгидромет" РМК синоптиктері ертең, 30 мамырда елдің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұлытау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с. Жезқазғанда оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.

Атырау облысында жаңбыр, найзағай, облыстың шығысында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырауда түнде жаңбыр, найзағай күтіледі.

Қарағанды облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында екпіні 15 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағандыда төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысында жаңбыр, найзағай, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақыттарда 25 м/с. Облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтауда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-18 м/с.

Ақтөбе облысында жаңбыр, найзағай, түнде облыстың батысында, солтүстігінде кей уақыттарда қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел батысқа ауысады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады, облыстың шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Ақтөбеде жаңбыр, найзағай, түнде кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.

Жамбыл облысының таулы аудандарында өткінші жаңбыр, найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, түнде және таңертең екпіні 23 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл күтіледі. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі, облыстың батысында, солтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі күтіледі. Қостанайда жаңбыр, найзағай, кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Оралда күндіз жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Алматы облысының шығысында шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с. Облыстың солтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қонаевта шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде аздаған жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Өскеменде оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні 15-18 м/с күтіледі.

Абай облысының оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20 м/с. Облыстың солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Петропавлда жаңбыр, найзағай, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз күші 15-20 м/с. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с. Облыстың орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт каупі, облыстың солтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр, найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі сақталады. Көкшетауда түнде және таңертең жаңбыр, найзағай күтіледі.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!