Анна Данилина «Ролан Гаррос» турнирінің үшінші айналымына шықты

23:10, 29 мамыр 2026

© Сурет: ktf.kz

Жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина Франция ашық чемпионатындағы сәтті жолын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Екінші айналымда отандасымыз (WTA жұптық рейтингінде 6-орын) сербиялық Александра Круничпен бірге Майя Джойнт (Австралия) / Хенне Вандевинкель (Бельгия) тандемін айқын басымдықпен ұтты. Жарыстың 2-ші нөмірлі жұбы саналған Данилина мен Крунич алғашқы геймдерден-ақ кортта үстемдік орнатып, өз геймдерінде сенімді ойнады. Кездесу 6:2, 6:3 есебімен екі сетте аяқталды.

Париждегі Үлкен дулыға турнирінің ширек финалына жолдама алу үшін қазақстандық-сербиялық дуэт украиналық Даяна Ястремская мен Ангелина Калинина жұбына қарсы кортқа шығады.

Анна Данилина әйелдер арасындағы бәсекеден бөлек, микст (аралас сында) бағдарламасында да бақ сынап жатыр. Ертең отандасымыз америкалық Джей-Джей Трэйсимен бірге турнирдің үшінші айналымына өту үшін кезекті матчын өткізеді.

Қазіргі уақытта Анна Данилина биылғы "Ролан Гаррос" додасында ел намысын қорғап жатқан Қазақстанның соңғы өкілі болып қалып отыр.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!