Алматы маңында КАМАЗ автобусқа қатты жылдамдықпен соғылды: видео

19:01, 29 мамыр 2026

© Фото: pexels

Алматы облысының Талғар ауданында жолаушылар автобусы мен жүк көлігінің қатысуымен жантүршігерлік жол апаты болды. Оқиға сәті бейнебақылау камералары мен видеотіркегіштерге түсіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оқиғаға Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі түсінік берді. Ведомствоның мәліметінше, жол апаты 26 мамыр күні шамамен сағат 18:00-де Алматы – Көктал – Көкпек автожолының 15-шақырымында болған.

SAZ маркалы автобус жүргізушісі реттелетін қиылыста солға бұрылмақ болып, қарсы бағытта келе жатқан КАМАЗ көлігіне жол бермеген. Әлеуметтік желіде тараған кадрларда ауыр жүк көлігінің бұрылып жатқан автобусты қатты соққаны көрінеді.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан көліктер механикалық зақым алды. Автобус жолаушыларына алғашқы медициналық көмек көрсетілді", – деп хабарлады 2026 жылғы 29 мамырда Алматы облысы полиция департаменті өкілдері Zakon.kz тілшісіне.

Қақтығысқа себепкер болған автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!