Қызылорда облысында мал ұрлығы бойынша күдіктілер қолға түсті

11:35, 31 желтоқсан 2025

© Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин

25 желтоқсан күні Қазалы аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел іздестіру іс-шаралары барысында облыстық прокуратураның үйлестіруімен қылмыс жасады деген күдікпен 24 және 22 жастағы екі аудан тұрғынын анықтап, ұстады.

Күдіктілер аудан аумағындағы далалық жерде ұрланған малды сойып жатқан жерінен қолға түскен.

Аталған дерек бойынша аудандық полиция бөлімінде мал ұрлығы фактісімен қылмыстық іс тіркелді.

Айғақты заттар тәркіленіп, іс материалдарына қоса тіркелді.

Қазіргі уақытта күдіктілердің мал ұрлығы бойынша басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Күдіктілер қамауға алынды.

Источник: zakon.kz


Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!