Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкина Төрт құрлық чемпионатында өнер көрсетеді
© Сурет: olympic.kz
Мәнерлеп сырғанаудан Бейжіңде (Қытай) өтетін Төрт құрлық чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қатысушы елдердің өтінімдері Халықаралық конькишілер одағының (ISU) ресми сайтында жарияланған.
Ерлер арасындағы жекелей сырғанауда ел намысын Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев және Олег Мельников қорғайды. Никита Кривошеев пен Артур Смагулов - қосалқы спортшылар.
Әйелдер арасындағы жекелей жарыста Софья Самоделкина мен Амира Ирматова өнер көрсетеді.
Мұздағы би бағдарламасында Қазақстан атынан Гаухар Наурызова мен Бойсангур Датиев бақ сынайды.
Айта кетейік, турнир 21-25 қаңтар аралығында өтеді.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
20:47, 30 желтоқсан 2025
31 желтоқсанда елдің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
-
20:17, 30 желтоқсан 2025
Абай облысында лаңкестік туралы жалған хабар берген азамат бас бостандығынан айырылды
-
19:38, 30 желтоқсан 2025
Қазақстандық классиктер алдағы маусымға дайындықты бастады
-
19:13, 30 желтоқсан 2025
Абай облысында полицейлер жолда тұрып қалған жүргізушіге көмек көрсетті
-
19:04, 30 желтоқсан 2025
Қазақстандық семсерлесушілер БАӘ-де өтетін Әлем кубогы кезеңіне қатысады





