Қызылорда облысында боранды күні жоғалған бақташы табылды
© Сурет: ҚР ІІМ
Қызылорда облысының полицейлері шаруа қожалығының жоғалып кеткен бақташысын іздеп тапты. 7 қаңтар күні түнгі уақытта Қызылорда облысы ПД Жалағаш ауданы полиция бөліміне 64 жастағы бақташының жоғалғандығы туралы хабар түсті.
Таңғы уақытта мал бағуға шыққан бақташы қайта оралмаған. Бақташы Жалағаш ауданы Жаңадария ауылынан батысқа қарай шамамен 20 шақырым жерде Құмжарған деп аталатын жер учаскесінде орналасқан мекемеге тиесілі мал шаруашылық фазендасында мал баққан.
Жайылымдық жерден уақытында оралмаған бақташыны қожалықтың басқа қызметкерлері өз күшімен іздеген. Алайда нәтиже болмағандықтан полицияға жүгінуге тура келген. Аталған дерек Жалағаш аудандық полиция бөліміне тіркеліп, адам жоғалу дерегі бойынша қажетті шаралар жүргізілді.
Полицейлер, төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері, ауыл тұрғындары мен еріктілерден арнайы топ құрылып, жоғалған бақташыны іздестіру жұмыстары жүргізілді. Ауданның барлық ауылы, далалық жолдар түгел қамтылды. Іздестіру жұмыстары сәтті аяқталды.
Жоғалған бақташы түнгі 02:00 шамасында аман-есен табылды. Қожалық иесі полиция бөлімі мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлеріне әлеуметтік желілер арқылы өз алғыстарын білдірді.
"Мен өзімнің және отбасымның атынан сіздерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздердің кәсіби шеберліктеріңіз бен қажырлы еңбектеріңіз ерекше рөл атқарды. Полиция департаментінің, төтенше жағдайлар департаментінің және басқа да ұйымдардың үйлесімді жұмысының арқасында қиын жағдай сәтті шешімін тапты. Сондай-ақ осы жұмысты ұйымдастырып, басшылық жасаған учаскелік полиция қызметкерлеріне ерекше алғыс айтамын. Сіздердің қызметкерлеріңіз ауа райының қолайсыздығына қарамастан, үлкен жауапкершілік пен табандылықты көрсетті. Сіздер адамдардың өмірін құтқарып, қиын сәттерде қолдау көрсетесіздер. Бұл – құрметке лайық іс. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және алдағы еңбектеріңізге табыс тілеймін", – деген жазба қалдырды қожалық иесі.
Полиция қызметкерлері аймақ тұрғындарынан дауылды ескерту жарияланған уақытта алыс сапарға шықпауларын сұрайды. Шаруа қожалықтарының жұмысшылары қыстаулар мен жайылымдардан алыс кетпеуге тырысуы қажет.
Источник: zakon.kz
Подписывайтесь на наш Telegram-канал. Будьте в курсе всех событий!
Мы работаем для Вас!
Тағы да оқыңыздар:
-
23:33, 9 қаңтар 2025
Оралда өзге көлік жүргізушілеріне тапаншамен қауіп төндірген ер адам ұсталды
-
22:51, 9 қаңтар 2025
Семейде шыршадан құлаған мұғалімнің әйелі өтемақы талап етіп отыр
-
22:20, 9 қаңтар 2025
Рудныйда есірткі зертханасы анықталды
-
21:16, 9 қаңтар 2025
Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты
-
20:19, 9 қаңтар 2025
БҚО-да тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды кіргізбек болған